Өндірістік қызметпен байланысты тіркелген жарақат саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 2012 жылы 2,9%-ға ұлғайды.
2012 жылы облыста еңбек етуге байланысты жазатайым оқиғалардан 72 адам зардап шеккен. Әйелдердің жарақат үлесі 26,4%-ды құрады.
Ажалға апарып соққан жарақат саны 1,7 есе ұлғайды. Өлгендердің ішінде бір әйел бар. Өткен жылы ажалмен аяқталған екі оқиға Петропавл қаласында болды, үшеуі – Аққайың ауданында, екеуі – М. Жұмабаев ауданында. Жарақат салдарынан ажал құшу ауыл, орман және балық шаруашылықтары саласында жиі тіркелген.
Жарақат алу кезінде алкогольден мас болған тұлғалар үлесі 2,8%-ды құрады, 2011 жылы – 1,4%.
Оқиғалар түрлері бойынша жарақат алудың ең жиі себептері заттар мен материалдардың құлауы, қирауы, жердің опырылуы болып табылады. Осындай оқиғалар нәтижесінде 20 адам зардап шекті. Қозғалатын, ұшатын, айналатын заттар мен бөлшектердің салдарынан 17 адам зардап шекті (2011 жылы 5 және 18 адам).
Жазатайым оқиғалардың басты себебі – абайсыздық. Осы себептен 26 адам жарақат алды. Жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат түрлері бойынша 27 адам жабық сынық, 13-і – сыртқы жарақат, 6-уы ашық жара алған.
2012 жылы облыста еңбек етуге байланысты жазатайым оқиғалардың материалдық шығыны 14 млн. теңгені құрады, оның ішінде 7,4 млн. теңге немесе 53%-ы еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төленген, 5,3 млн. теңгені (37,6%) біржолғы жәрдемақылар құрады.
Облыстық Статистика департаменті.