«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТАҒЫ ДІНИ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеуді ұйымдастыру және өткізу – Қазақстан Республикасының “Діни қызметтер мен діни бірлестіктер туралы” Заңында белгіленген басты міндеттердің бірі. Облысымыздағы нақты діни жағдай туралы жаңартылған, ашық және дәлме-дәл мәлімет таяуда өткен қайта тіркеудің басты қорытындысы болып табылады. 

Әбубәкір КӘРМЕНОВ,
облыстық Дін істері жөніндегі департамент директорының міндетін атқарушы.

Дін істері жөніндегі департамент пен мемлекеттік әділет және ішкі істер органдарының бірлесе атқарған қызметтері осы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етті. Солардың қорытындысы бойынша облысымызда 59 діни бірлестік тіркеу – қайта тіркеу тәртібінен өтіп, заң талабына сәйкес құқықтық жағынан ресімделді.
Егер әрбір дін туралы айтатын болсақ, онда мынаны байқауға болады:
Республикада орны мен рөлі заңмен бекітілген ислам дінінің мүддесін “Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы” (ҚМДБ) ислам діни бірлестігі білдіріп, 2012 жылы 19 маусымда қайта тіркеуден өтті.
Бұл республикалық ислам діни бірлестігі республика аумағындағы исламның тарихи ерекшелігін ескере отырып, Әбу Ханифа мазһабы пен Матруди имамның діни сеніміне сәйкес сүннит бағытындағы діни сенімді уағыздайды.
Біздің облыста ҚМДБ-ны филиалы ретінде 64 мешіт тіркеу – қайта тіркеуден өтті.



Православие дініне келетін болсақ, 9 епархия мен 261 приходты біріктіретін “Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополит Округі” де 2012 жылы 15 қазанда республикалық діни бірлестіктің куәлігін алды. Облыста 29 православие приходы мемлекеттік қайта тіркеуден, сол сияқты жергілікті “Қазақстан Православие Шіркеуінің Петропавл және Булаев Епархиясы” діни бірлестігі бастапқы мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
Қазақстан Республикасы мен Әулие престол (Ватикан) арасындағы өзара қарым-қатынас туралы бекітілген келісімге сәйкес 11 рим-католик приходы ерекше тәртіпте қайта тіркеуден өтті.
Бұрын жұмыс істеп тұрған 21 протестант діни бірлестігінің 18-і тіркеу – қайта тіркеу шарасына қол жеткізді.
Новоапостоль шіркеуінің 4 филиалы және “Благодать” пресвитериан шіркеуінің 2 филиалы қосымша тіркеуден өтті.
Тұтастай алғанда, 2011 жылы 1 қаңтарда облысымызда 232 діни бірлестік пен олардың филиалдары, сол сияқты 14 конфессия мен деноминацияны білдіретін, заңды тұлғалардың нышанын иеленбеген, саны аз діни топтар бар болатын. 2013 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыстың діни кеңістігінде 10 конфессия мен деноминацияны білдіретін 129 діни бірлестік пен оның филиалдары қалды. Діни бірлестіктер мен оның филиалдары саны 103 бірлікке немесе 55,6 пайызға азайды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp