Ақмарал ОРАЗАЙҚЫЗЫ,
облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Петропавл қалалық ҚАИ бастығының орынбасары.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық қылмыстық-атқару инспекцияларында 2013 жылғы 1 мамырдан 10 мамырға дейінгі аралықта “Профилактика” жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.
Биылғы 4 ай ішінде Петропавл қалалық қылмыстық-атқару инспекциясында 270 сотталған есепте тұрды. Сотталғандармен және есепте тұрған тұлғалармен алдын алу сипатындағы әңгімелесу жүргізілді. “Профилактика” шарасының мақсаты жазаны өтеуден жалтарған тұлғаларды іздестіру, әкімшілік құқық бұзушылықтардың және қайта қылмыс жасаудың алдын алу болып табылады. Жазаны өтеу кезеңінде қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарға аса назар аударылады.
“Профилактика” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 19 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандардың тәртіп бұзуының 19 фактісі анықталды. Соған орай Петропавл қалалық сотына бұл жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру жөнінде 4 материал жолданды.