«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҒАТТЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН мемлекеттік қызметшілер жауапқа тартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында түрлі заң бұзушылыққа жол берген 3 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

СҚО Құрылыс басқармасының бас маманы Андрей Курбатовты қызметінен босату жөнінде ұсыныс айтылды. Ол Петропавл қалалық құрылыс бөлімінің басшысы болып қызмет етіп жүрген кезінде мердігерлердің құрылыс материалдарын сатып алу бойынша жалған атқарылған жұмыс актілеріне қол қойған. 2012 жылдың қарашасында Петропавл қалалық құрылыс бөлімі мен “Құрылыс-Сервис-СК” ЖШС арасында Ухабов көшесінде 27 пәтерлі тұрғын үй салу жөнінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған. Сол жылдың желтоқсан айында аталмыш бөлім “Нұрсұлтан Құрылыс Компаниясы” ЖШС-мен 15 пәтерлі тұрғын үй салу жөнінде шартқа тұрған. Нәтижесінде аталмыш екі серіктестікпен, яғни “Құрылыс-Сервис-СК” ЖШС – 47 млн. 427 мың теңге, “Нұрсұлтан Құрылыс Компаниясы” ЖШС 35 млн. 903 мың теңгеге құрылыс материалдарын сатып алуға міндеттелген. Алайда, аталмыш кәсіпорындар құрылыс материалдарын алмаған, ал Андрей Курбатов болса осы жөніндегі “орындалған” жұмыс актілеріне қол қоя салған. Бұдан соң бюджет қаржысын мердігерлердің есепшоттарына аударған.
СҚО ІІД Жол полициясы жеке батальонының командирі Ерлан Мәдиев қызметіне толық сәйкес емес деп танылды. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың күшін жоятын заңсыз ұйғарым шығарғаны үшін жауапқа тартылды.
Құрылыс бойынша жұмыс көлемі толық орындалмай тұрып, атқарылған жұмыс актілеріне қол қойған Айыртау аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жұмабай Малаев та қызметіне толық сәйкес емес деп танылды. 2011 жылдың қыркүйегінде Саумалкөл ауылында 30 бірқабатты тұрғын үйдің құрылысы бойынша “Айыртау аудандық құрылыс бөлімі” ММ (тапсырыс беруші) мен “Айыртаустройтранс” ЖШС (мердігер) арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған. 2012 жылдың сәуірінде тапсырыс беруші мен мердігер аталған үйлерге қора-қопсы салу туралы келісімді бекіткен. Қаулыға сәйкес Жұмабай Малаев құрылыс бойынша жұмыс көлемі толық орындалмай тұрып, “Айыртаустройтранс” ЖШС-іне алдын ала 2 млн. теңгеден астам ақыны толық төлеген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp