«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ” – “Ғажайыптар” маусымының чемпионы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда “Қызылжар жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін қазақша КВН-нен облыстық ашық мектеп лигасының финалы өтті. Айыртаулық “Жарқын болашақ” командасы “Ғажайыптар” маусымының чемпионы атанды.

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Ақтық бәсеке тартысты өтті. Әр команда бұл ойынның жауаптылығын түсініп, жоғары деңгейде дайындалып келгені байқалып тұрды. Бүгінгі өзекті тақырыптарға құрылған әзілдер, командалардың сахнадағы қимылдары, билері мен әндері көрермен көңілінен шықты.  

Бір маусымның ең басты ойыны – бұл финал. “Жайдарман” дегеніміз – шағын әзілдердің шаһары, өнерлілердің ордасы, білімділердің бәсекесі. Ақтық сында өнер көрсеткен әр команда осыны дәлелдеп шықты. Олардың әрқайсысы, яғни сәнді құрама – “Жасstar” (Қожаберген жырау атындағы №6 ОМ), алыстан ат терлетіп келген алғыр құрама – “Оппа, сырым смайл” (Айыртау ауданы, Сырымбет ОМ), ойыншыларының жасы жағынан финалдағы ең жас құрама – “Ғажайып” (№20 ҚОМ) және жан-жақты, айбынды – “Күлкі шпиондары” (Қожаберген жырау атындағы №6 ОМ) – барлығы да жеңімпазға лайық өнер көрсетті. Алайда, чемпион біреу. Ол маусымның ең әуенді құрамасы – Айыртау ауданындағы Кирилловка орта мектебінің “Жарқын болашағы”. Ал қалған финалистердің барлығына вице-чемпиондар деген атақ берілді.

“Ғажайыптар” маусымның ең басты ерекшелігі – тұңғыш рет ауылдан келген команда чемпион атанды. “Жарқын болашақтың” жігіттері “қораның артында жүріп дайындаламыз” деп қалжыңдайды. Қалжың болғанымен, астарында терең мағына жатыр. Биылғы маусымдағы командалар, әсіресе, шалғай ауылдардан келген “жайдарманшылар” өздерінің замандастарына уақытты босқа өткізудің жарға жығатынын, өнердің өрге жүздіретінін аңғартқандай.

Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp