«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАТ ИДЕЯ ИЕКТЕМЕСІН ДЕСЕК…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әбубәкір КӘРМЕНОВ,

облыстық Дін істері жөніндегі департамент директорының міндетін атқарушы.

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлері мен рухани құндылықтарын насихаттау және ұшқары идеялардың қауіптілігін әшкерелеу мақсатында өңірімізде дін мәселелері жөнінде ақпараттық-насихат тобы құрылған. Бұл топ 2011-2013 жылдары құрамында он бес мыңнан астам адам бар нысаналы топты қамтыған 240-қа жуық түрлі шара өткізді.  

Мектептерде, колледждерде, ЖОО-да және басқа да мекемелерде өткізілген бұл шараларға дінтанушылар, теологтар, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Дін істері жөніндегі департаменттің мамандары алдын алу шаралары шеңберінде аудандарды аралады. Сондай-ақ түзеу мекемелеріндегі адамдар арасында діни экстремизмнің алдын алуға айрықша назар аударылды.

 

Тұтастай алғанда ұйымдастырылған ақпараттық-түсіндіру шаралары нақты тиімділігін көрсетті. Мұның өзі дәстүрлі рухани құндылықтардың рөлін бағалауда және жаңа діни ағымдардағы жат идеяларды қабылдамауда азаматтардың қоғамдық сана-сезіміндегі оң өзгерістерден анық аңғарылды.

Бүлдіргіш діни ұйымдар туралы жастарды хабардар ету оларды мұндай ұйымдарға жолатпаудың ең тиімді нәтижесі болып табылады. Жастар мұны білуге және олардың өкілдерін бір көргеннен-ақ бүлдіргіш ұйымның қитұрқы әрекетін түсінуге тиіс. Сонымен бірге мемлекеттің жастарды жұмыспен қамтуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруды естен шығармағаны маңызды. Мемлекет басшысы атап көрсеткеніндей, жастардың күш-қуатын дұрыс арнаға түсіру керек.

Бүлдіргіш діни ұйымдардың қызметіне тартылған жастардың санын азайту кешенді көзқарасты талап етеді. 2009 жылдан бері Петропавл қаласында жұмыс істейтін “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігі бүлдіргіш діни ағымдардың қызметінен зардап шеккен адамдарға көмек қолын созып келеді. Бірлестіктің Жарғысында жазылғанындай, бүлдіргіш идеяларға қарсы тұрудың әдістері мен тәсілдеріне жұртшылық көзін жеткізеді. Департамент бұл қоғамдық бірлестікпен тығыз қарым-қатынас жасап, бірлескен шаралар өткізіп отырады.

Сондай-ақ облыс әкімдігінің жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Онда өңіріміздегі діни ахуалдың өзекті мәселелері талқыланады.

Тұтастай алғанда өткізілген шаралар тиімділікке қол жеткізуде. Нәтижесінде бүгінгі таңда діни ахуал тұрақты. Облысымызда жүргізілген әлеуметтік зерттеу көрсеткеніндей, дәстүрлі рухани құндылықтардың рөлін бағалау және бүлдіргіш діни ағымдардың жат идеяларын қабылдамау өрістеп келеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp