«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОНТРАФАКТІЛІК ДІСКІЛЕРДІ ТОПЫРЛАТҚАН астыртын цех жабылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО бойынша Қаржы полициясы контрафактілік DVD дискілерді өндіретін астыртын цехтың жұмысын тоқтатты. Осыған орай Қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Жахин брифинг өткізді.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Қаржы полицейлері цехты жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында анықтап, одан жүйелік блоктарды, компакт-дискілерді, жылтыр қағаз бен түрлі түсті мұқабаларды тәркіледі. Аталған факті бойынша 8 мамырда екі азаматқа қатысты оңайлатылған сотқа дейінгі іс жүргізу тәртібінде қылмыстық іс қозғалды. Екеуінің біреуі цехты ұйымдастырып, контрафактілік DVD дискілерді заңсыз сақтап, оларды тұрғындар көп шоғырланатын сауда нүктелері арқылы өткізіп отырған. Сөйтіп, құқық иеленушілеріне 1 млн. астам теңге мөлшерінде залал келтірген. Екіншісі, сату мақсатымен DVD дискілердің контрафактілік даналарын тасымалдап, сақтап отырған. Оның келтірілген залалы – 601 мың теңге. Жалпы алынған контрафактілік фильмі бар DVD дискілер саны 1,5 мыңнан астам дананы құрады.
Жыл басынан бері авторлық және сабақтастық құқық бұзу фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Солардың бірі Е.Понивенкоға қатысты болып отыр. Ол контрафактілік дискілерді өткізу және дайындау бойынша астыртын цехтың жұмысын ұйымдастырғаны үшін айыпталуда. Цехты тінту барысында контрафактілік DVD дискілердің 400 данасы, оларды дайындауға қажетті түрлі техника анықталды. Нәтижесінде құқық иеленушіге 439 мың теңге залал келтірген.
Заң бойынша зияткерлік құқық бұзғандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасына кесіледі.
Брифингтен соң қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын арнайы орында астыртын цехтардан тәркіленген ойын автоматтары, контрафактілік DVD дискілер мен алкогольдік өнімдер жойылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp