«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАНАТТЫҢ ЕРЛІГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

6 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Қарулы Күштер, құқық қорғау органдары және арнайы қызмет қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырған болатын. Елбасының қолынан Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің Мамлют ауданындағы №15 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушісі Қанат Майсейітов “Ерлігі үшін” медалін алды.
2013 жылғы 10 қаңтарда 15 сағат 20 минутта Қанат Майсейітов кезекші қарауыл құрамында Мамлют қаласындағы Победа көшесі, 74 пәтер №2 мекенжайына дабылмен келіп жетті. Бұл жердегі ағаш тұрғын үйдегі 3 бөлмелі пәтердің шатыры өртенгені және от жалыны пәтердің ішіне енгелі жатқаны анықталды. Анасының айтуынша, жатын бөлмеде оның ұлы қалып қойыпты. Отқа қарай бірінші болып бас тіккен Қанат терезенің ыстық шыныларын алып, түтінге толы бөлмеден зардап шеккен баланы іздей бастады. Бөлмелердің бірінен дем алмай жатқан баланың денесін тауып, жанып жатқан үйден шұғыл түрде алып шықты.
Өртсөндірушілердің жедел және білікті әрекеттерінің нәтижесінде адам қазасына жол берілген жоқ, ал өрт аз уақытта ауыздықталып, залал көлемі де шектелді. Өрттің себебі ер адамның мас күйде темекі шегуі болған.
“Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну тәртібі туралы нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, өртте көрсеткен ержүректігі мен батылдығы, қайсарлығы мен жанқиярлығы, адам өмірін құтқарғаны үшін өртке қарсы қызмет кіші сержанты Қанат Біржанұлы Майсейітов “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды.

СҚО ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ
баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp