«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР САҚАДАЙ САЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Самат Ескендіров Қызылжар ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар шаруашылықтардың танап басында болып, егіс науқанының барысы мен техника әзірлігін байқады.

Самат ЕСМАҒИ,
журналист.

Қызылжар ауданында өңір басшысының алғаш аялдаған нысаны – “Якорь Агро” серіктестігі. Олар қазір біржылдық шөп егуді қолға алыпты. Шаруашылық меншігіндегі осы жылы игерілетін жер телімі – 3,5 мың гектар. Қазір танап басында 12 адам еңбек етуде. “Якорь Агро” ЖШС директоры Владимир Очеретенконың айтуынша, олар көктемгі егіске мықтап дайындалыпты. “Тұқым, жанар-жағармай, тыңайтқыштар қоры жеткілікті. Барлық агротехнологиялық шараларды сақтай отыра, жұмысты дер кезінде бастап, уақтылы аяқтауға толық мүмкіндігіміз бар”, – деді ол.

 

“Лесной” серіктестігі де егіс жұмыстарына қызу кіріскен. Танаптардағы ылғал жақсы. Бұл – мол астықтың кепілі. Облыс әкімімен әңгіме барысында диқандар қауымы тұқым қоры мен жанар-жағармай жеткілікті екендігін атап көрсетті. “СК Вагулинское” агроқұрылымындағы жағдай да көз қуантады. Олар биыл 6 мың 700 гектар жерге сары алтын сеппек. Өткен жылғы қуаңшылыққа қарамастан, шаруашылық әр гектардан 28 центнерден өнім алыпты, биылғы жоспар – ол көрсеткіштен асып түсу. Тек бір күннің өзінде диқандар 500 гектардан астам аумаққа егін сеуіп үлгерді. Серіктестіктің бас агрономы Надежда Карандейкинаның айтуынша, тұқымның бәрі өңделіп дәріленген. “80 тонна бидайдың элиталық тұқымын сатып алдық. 192 мың тонна тыңайтқыш пен жүгері өсіруге қажетті 64 тонна аммиакты селитраға қол жеткіздік. Оның бәрі тұқым шаруашылығы үшін өте қажет”, – дейді ол.
Өңір басшысы Самат Ескендіров диқандар қауымының жұмысына сәттілік тілеп, егіс барысында барлық агротехнологияларды қатаң сақтау керектігін ескертті және егіс науқанын мерзімінен кешіктірмей, әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Суретті түсірген
Виталий ВЛАСЕНКО.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp