«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢ БАСТЫСЫ – ШАҢЫРАҚТЫҢ ШАТТЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Дүниежүзілік отбасы күніне арналған “Мөлдір бұлақтан” фестивалі өтті. Оған байқаудың аудандық және қалалық кезеңінде бақтарын сынап, ақтық сынға іріктеліп шыққан 15 отбасы қатысты. 

Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Алдымен әр отбасы мүшелері жасаған қолөнер бұйымдары жұртшылықтың назарына ұсынылды. Көрмеге қуыршақтар, тоқыма және ағаштан жасалған бұйымдар, құрал-сайман, домбыра мен қобыз, ағаштан жонылған белгілі адамдардың портреттері, киіз үй мен диірменнің кішкентай макеттері қойылған.
Гала-концертте көрермендер байқауға қатысушылардың концерттік бағдарламасын тамашалады. Бұл ретте Дүйсембиндер отбасының орындауындағы “Анашым”, Молдахметовтер шырқаған халық әні “Әридай” және тағы басқа әндер жұртшылықтың көңілінен шықты.



Байқау барысында жетім балаларды қамқорлығына алған отбасылар мен жалғызбасты әкелер марапатталды. Өңірімізде үшінші рет өткізіліп отырған бұл отбасылық мереке алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өтіп тұратынын айтқан облыстық Балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Ольга Черепанова тағдырдың жазуымен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды бауырына басқан Үміт пен Марат Сағындықовтарға, Валентина мен Анатолий Шириндерге және Елена Кисилеваға, сондай-ақ жалғызбасты әкелер: Александр Орлов, Нұрлан Қалиянұров және Данияр Бектеміровке Алғыс хат табыстады.
Шара соңында фестивальға қатысқан отбасылардың барлығы ұйымдастыру комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp