«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙЫНШЫДА БЕСҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ бой көтеру үстінде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлер баспана кезегінде тұрған жеті жүзге жуық тайыншалықтардың қатарын біраз сейілтіп келеді. Осы жылдың соңына дейін тағы елу отбасына өздерінің қоныс тойларын тойлаудың сәті түспек. Қаланың орталығында салынып жатқан бес қабатты кірпіш үй жалгерлік-коммуналдық бағытта беріледі. Тапсырыс берген Тайынша аудандық құрылыс бөлімі мердігердің құрылысты сапалы жүргізіп, жұмыстарын белгіленген мерзімінде аяқтауын жіті қадағалап отыр. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша тендерді ұтып алған – “Алтын-тау” ЖШС-і. 

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Мемлекеттік тапсырысты былтырғы жылдың күзінде алған мердігер компания өз жұмысын 1 желтоқсанға дейін аяқтауға тиіс. Барлық әкімшілік және техникалық тексерістерден өткеннен кейін бес қабатты тұрғын үйдің әр пәтерінде шаңырақ оты жана бастайды. Жалпы аумағы 4193 шаршы метрді қамтитын бұл құрылысқа республикалық және жергілікті бюджеттерден 319,924 миллион теңге бөлініп отыр.



2004 жылы құрылған “Алтын-тау” ЖШС-і бұған дейін де аудандағы бірқатар құрылыс нысандарын қолға алып, оларда сапалы құрылыс жүргізген болатын. Аталмыш серіктестік әсіресе, аудан орталығында қаңырап қалған көпқабатты үйлерді қалпына келтіріп, оны су жаңа етіп тапсыруда көзге түсіп жүр.
– Бүгінде құрылыста 48 адам еңбек етеді, олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Биылғы қыстың қытымырлығынан бірер ай бойы құрылысымыз тоқтап қалды. Ал көктем шыға жұмысшыларымызды қайта жинап алдық. Мамандардың бірлі-жарымы болмаса, көпшілігі бізде тұрақты еңбек ететіндер. Ал жаңадан қосылған жас мамандарды өзіміз ширатып аламыз. Биыл кәсіби білім беретін орындарда сегіз адамды оқытып алдық. Құрылысқа қажетті шикізаттың барлығы отандық тауар өндірушілерден жеткізіледі, – дейді серіктестік директорының орынбасары Татьяна Руденко.
 СУРЕТТЕРДЕ: 5-ші санаттағы тас қалаушы Досым Дүйсенбаев.
Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp