«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БИЗНЕС-КЕҢЕСШІ” АҚЫСЫЗ ОҚЫТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы мамырда облыста кезекті рет “Бизнес – Кеңесші” бағдарламасы мәре алады. Оның аясында облыстың әрбір ауданында және Петропавл қаласында тегін екі күндік “Кәсіпкерліктің жедел курсы” бизнес-курстары өтетін болады. “Бизнес-Кеңесші” бағдарламасы “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының 4-ші бағытындағы кәсіпкерлік әлеуетін арттырудың ауқымды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты – облыстың барлық аудандарындағы және қаладағы ықтимал және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге бизнес жүргізу жөнінде сәйкестендірілген және қолжетімді білім беру болып табылады.
Оқыту курсы мынадай тақырыптардан тұрады: кәсіпкерліктің кіріспесі, кәсіпкерлік психологиясы, бизнес-жоспар, кәсіпкерліктегі маркетинг, кәсіпкерлік қаржысы, банк кредитін қалай алуға болады, қызметкерлерді басқару, кәсіпкерліктің заңдық аспектілері, салық салу, практикалық бизнес-ойындар.
Қысқамерзімдік оқыту үдерісінде кәсіпкерлерге кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқулық материалдар, құрылтайшылық құжаттары, типтік бизнес-жоспарлары, технико-экономикалық негіздемелері енетін стандарттық құжаттар пакеттері, кредит алу құжаттары, сала бойынша маркетингтік зерттеу есептері, сол сияқты шағын бизнес үшін идеялар анықтамалықтары берілетін болады.
Тренинг-оқыту ақысыз жүргізіледі, “Кәсіпкерліктің жедел-курсын” өткеннен кейін екінші күні оқығаны туралы сертификат беріледі. Курсты жүргізу үшін “Шоқан” инновациялық-консалтингтік орталығы” ЖШС-нің жоғары кәсіби мамандары тартылған.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бағдарлама жұмысын бастағаннан бері 2934 адам тренинг-оқудан өтті, соның ішінде 2012 жылы 625 адам курс тыңдады. 2013 жылы қаланың және облыстың кемінде 540 ықтимал және өз істерін жаңа бастаған кәсіпкерлерін бизнесті жүргізу әліппесіне оқыту жоспарлануда.
Бағдарлама мазмұны және кәсіпкерлерді оқыту кестесі мемлекеттік және орыс тілдерінде “Даму” қорының www.damu.kz. сайтында орналастырылған. Облыс және Петропавл қаласы бойынша жазылу мен ақыл-кеңес алу “Даму қоры” АҚ-ның өңірлік филиалындағы 8 (7152) 46-57-74, 46-31-81 телефондары бойынша, сондай-ақ облыстың және Петропавл қаласының кәсіпкерлік бөлімдерінде жүргізіледі.
“Даму қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp