«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ АУМАҒЫНДА БОЛУ ережесін сақтамаған шетелдіктер анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында республикалық “Нелегал – 2013” алдын алу шарасы бастау алды. Енді тәртіп сақшылары осы бағытта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаментінің мамандарымен бірлесе жұмыс істейтін болады. 

Шараның басты мақсаты – ел аумағында адам саудасына тосқауыл қойып, көші-қон заңнамасының сақталуын қадағалау. Осы мақсатта шетел азаматтары көп жиналатын орындар, базарлар, құрылыс алаңдары мен вокзал маңында рейд ұйымдастырылатын болады. Алғашқы күннің өзінде көші-қон полициясы заңды бұзған 108 шетел азаматын анықтады. Сот шешімі бойынша солардың 8-і ел аумағынан шығарылып, 31-інің Қазақстан жерінде болу мерзімі қысқартылды. Облыс орталығындағы вокзал аумағында Қытайдың 3 азаматы анықталды. Олардың Қазақстанда жүргендеріне бір ай болған. Петропавлға екі күн бұрын келген. Тәртіп сақшылары қытайлықтардың Қазақстан Республикасында болу визалары аяқталғанын анықтап, оларды тұтқынға алды. Бұл азаматтар Қазақстанға бір ай бұрын Алматы қаласындағы бақылау-өткізу бекеті арқылы өткен. Шетел азаматтары заң талабын сақтамағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ олардың Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды.
Республикалық рейдке жол полицейлері де қатысты. Олар шетел азаматтарын тасымалдайтын көліктерді тоқтатып, жолаушылардың құжаттарын тексеруде. Қазір оңтүстік жол бекетінде көші-қон полициясының қызметкері кезекшілік атқаруда.
Жедел-алдын алу шарасы барысында сот шешімін орындамаған 3 шетел азаматы мен өзге елден келгендерді заңсыз жұмысқа тартқан 5 адам жауапқа тартылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp