«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат РАХЫМЖАНОВ,

СҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілердің

біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығы директорының орынбасары.

Мемлекеттік қызмет аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша Елбасы қойған міндеттер мен шаралар жоспарына сәйкес СҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, парақорлықпен күрес тақырыбында семинарлар, кеңестер мен “дөңгелек үстелдер”, брифингтер мен конференциялар ұйымдастыру бойынша нақты жұмыс жүргізуде.  

Жыл сайын өңірлік орталықтың жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер үшін “Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзекті мәселелері” және “Қазіргі жағдайдағы заң қызметі жұмысының ерекшеліктері” тақырыптарында біліктілікті арттыру курстары өтіп тұрады. Өзге курстар мен семинарларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қарастырылады. Оларға прокуратураның, соттың, экономикалық және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің, әділет органдарының, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша басқармасының, облыстық әкімдіктің жоғары білікті мамандары және СҚМУ оқытушылары қатыстырылады.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу жөнінде міндетті тестілеу жүйелі түрде жүргізіледі. 2013 жылдың өзінде өңірлік орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды білу жөнінде бір мыңнан астам мемлекеттік қызметші тестілеуден өтті. Сондай-ақ онлайн режімінде бейнеконференциялар өткізу дәстүрге айналған. Солардың бірін өңірлік орталық Украинаның Луганск дипломнан кейінгі білім беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Салыстырмалы талдау екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық бағытының жүзеге асырылуы барысымен танысуға мүмкіндік туғызды.

Ал 51 ауылдық әкімнің қатысуымен ұйымдастырылған семинар шеңберінде елді мекендердің проблемаларымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері де талқыланды.

Өткен жылы және биылғы бірінші тоқсанда “Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын қалыптастыру” тақырыбында тоғыз облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Оларға облыс әкімі аппаратының, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық департамент, құқық қорғау органдары мамандарының және СҚМУ оқытушыларының қатысуымен 200 әкімшілік және саяси қызметші, 165 ауылдық округтер әкімі және мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған 69 адам шақыртылды. Аталмыш конференцияларда сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы және оның алдын алу шаралары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілік, мемлекеттік қызметшінің адамгершілік-әдеп нормалары мәселелері талқыланды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық сипаттағы заң бұзушылықтың жиілеп кетуіне орай семинар ұйымдастырылды. Оған аталмыш салаларда қызмет ететін 25 адам қатысты.

Бұдан басқа мемлекеттік қызметшілерге көмек ретінде түрлі әдістемелік оқулықтар әзірленді.

Жоғарыда аталған және өзге де шаралар мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталмыш бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp