«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАНДАР СӘЛ-ПӘЛ АЗАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамырдың үшінші жексенбісінде әлем елдері жүре пайда болған қорғаныш тапшылығы синдромының (ЖИТС) құрбандарын еске алды. Биыл бұл шара ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында өткізілді.  

Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Дәрігерлердің айтуынша, облыста ЖИТС инфекциясына шалдыққандардың саны өткен жылмен салыстырғанда сәл азайған. Дегенмен, көңілге қаяу түсіретін жайттар да аз емес. Үстіміздегі жылдың мәліметтеріне сәйкес, ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық орталықта 428 адам тіркелген. Соның ішінде 4 сәбидің қауіпті вирусты жұқтырып туғандығы белгілі болса, 8-і диспансерлік есепке алынған.
– Облыс аумағында үстіміздегі жылдың 4 айы ішінде ЖИТС инфекциясының 25 жаңа жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш 4,3 пайызды құрады. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда дертке шалдыққандардың үлесі азайған. Жаңа анықталған жағдай көрсеткендей, алдағы жылдардағыдай ЖИТС инфекциясын жұқтырудың негізгі факторы – инъекциялық наша қабылдау болып отыр, – дейді СҚО ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталықтың бөлім меңгерушісі Любовь Бунина.
– Әлбетте, бұл қауіпті індетке шалдығушылардың алдыңғы “шебінде” – есірткі қолданушылар. Дегенмен, соңғы уақытта осы есірткі тұтынған жандармен жыныстық қатынасқа түскен адамдар арасында да ауру жұқтырушылар саны артып отыр. Олардың негізгі дені – жеңіл жүрісті әйелдер. Біздің жинаған мәліметтер бойынша шығарған есебіміз індет жұқтырудың белсенді жас мөлшері 20-29 жас аралығы екенін көрсетті. Олар барлық сырқаттардың 43,7 пайызын құрайды, – дейді АИТВ/ЖИТС бойынша анонимдік тестілеу және психоәлеуметтік консультация беру кабинетінің дәрігері Елена Грин.
Соңғы үш жылда ЖИТС-тің анадан балаға жұғу жағдайлары азайды, дейді дәрігерлер. Бұл да алдын алу жұмыстарының жемісі болса керек.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp