«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ “ОЛИМПИАДА КҮНІ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен сенбіде дүниежүзінің екі жүзден астам мемлекетінде Олим-пиадалық жүгіру күні аталып өтті. Бұл үрдістен қазақ елі де қалыс қалмады. Осындай шара Петропавл қаласында да ұйымдастырылып, негізгі қалалық шараға 1 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. 

Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Өңірімізде үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан дәстүрлі спорттық мерекені кіріспе сөзбен ашқан қала әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары Шолпан Каринова бүгінгі іс-шараның саламатты өмір салтын насихаттап, спортсүйерлер қатарын кеңейтуге, бұқаралық спортты дамытуға үлкен әсерін тигізетіндігіне сенім білдірді.
Олимпиадалық күнге атсалысқан қалалықтар Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры алаңынан Тәуелсіздік стеласына дейінгі арақашықтықты жүгіріп өтті. Алдымен қаладағы спорт мектептерінің өрендері өз өнерлерін жиналған жұртқа паш етті. Одан кейін үлкен-кіші түгелдей жарыс жолына шықты.
Жарысқа әртүрлі жастағы желаяқтар, орта мектептердің, кәсіптік лицейлердің және колледждердің оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, спорт клубтары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың қызметкерлері, мүмкіндігі шектелген балалар мен ересектер, барлық тілек білдірушілер қатысты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге мырзаның қолы қойылған сертификат тапсырылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp