«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СКУТЕРЛЕР ЖОЛ АПАТЫН УШЫҚТЫРЫП ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Өткен аптада скутерлер кесірінен екі жол-көлік апаты тіркелді. Соның салдарынан үш мектеп оқушысы жарақаттанды.

Скутер мінген 14 жастағы жасөспірім Жұмысшы кентіндегі Панфилов көшесімен жүріп келе жатып, солға бұрылмақ болған. Осы тұста қарама-қарсы бағытта келе жатқан “Опель” көлігіне жол бермей, апатты жағдай тудырған. Артында отырған 8 жастағы бала зардап шегіп, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Апатқа кінәлі скутер жүргізушісі көлігін жол бойында қалдырып, оқиға орнынан із жасырған. Оқиғаның жай-жапсарын тәртіп сақшыларына жасөспірімдердің ата-аналары хабарлаған. Қазіргі таңда жол апатының мән-жайы анықталып, кінәліні жауапқа тарту мақсатында көлік-техникалық сот сараптамасы тағайындалуда. 
Скутердің қатысуымен орын алған тағы бір жол-көлік апаты Жамбыл көшесі бойында тіркелді. Алдын ала болжамға сүйенсек, “Ауди” автокөлігінің жүргізушісі қатарласып жүріп келе жатқан скутерге жол бермей, апат туындаған. Скутер мінген 16 және 14 жастағы балалар дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp