Қаржы полициясы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) СҚО бойынша департаментінің қызметкеріне пара берген екі тәртіп сақшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде.
Мамлют аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары мен СҚО ІІД криминалды полиция басқармасының жедел уәкілі бұрын тәркіленген “Тойота Альфард” және “Ситроен С-Кроссер” маркалы автокөліктерді қайтару туралы мәселенің оң шешілуі үшін ҰҚК СҚО бойынша департаментінің қызметкеріне 10 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген. 4 мамырда ҰҚК СҚО бойынша департаменті осы фактіге орай қылмыстық іс қозғап, оны одан әрі тергеу мақсатында қаржы полициясына жолдады.
Қазіргі таңда күдіктілердің қайда жүргені белгісіз. Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған тұлғаларды іздестіру бойынша шара қолданылатын болады.
Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.