«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРАҚ ІШУ АЖАЛМЕН АЯҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста ащы судың кесірінен орын алған екі бірдей ауыр қылмыстың беті ашылды.
Облыс орталығындағы Чайковский көшесіндегі үйлердің бірінде баспалдақ алаңынан бірнеше пышақ жарақатынан көз жұмған белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Тәртіп сақшыларын оқиға орнына оның көршілері шақырған. Жедел тергеу тобы екі ер адамның бірлесіп арақ ішкендігін анықтады. Пәтер иесі табылғанымен, 39 жастағы жігіт бірнеше сағат бұрын ғана марқұмның оған қонаққа келіп, жай ғана сөйлесіп кеткенін айтып ақталған. Дегенмен, тергеу тобы алкогольді ішімдік ішу барысында екі жігіттің жанжалдасып қалғанын анықтады. Қожайын қонағына бірнеше рет пышақ салған. Ал мүрдені неліктен баспалдақ алаңына шығарып тастағанын жөнді түсіндіре алмады. Күдікті қамауға алынды.
Тағы бір қанды оқиға Тимирязев ауданында орын алды. 35 жастағы ер адам бөтелкелесімен шекісіп қалып, бас жарақатынан жан тапсырған. Күдікті үйінде тұтқындалды. Ол өз кінәсін бірден мойындады. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp