«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СПОРТТЫҚ ОТБАСЫЛАР САЙЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Светлана АШАМАЕВА,
“Ровесник” балалар клубының
педагог-ұйымдастырушысы.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні.
Осыған орай “Ровесник” балалар клубында “Біз – спорттық отбасымыз” атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Оған “Ровесник”, “Балдырған”, “Мұрагер”, “Тұлпар”, “Жеңіс” балалар клубтарының мүшелері қатысты. Сайыс барысында барлық отбасылар бар білгендерін ортаға салып, жеңімпаз атануға тырысты.
Қызықты әрі тағылымды өткен спорттық шараның қорытындысы бойынша “Мұрагер” клубы жеңістің биік тұғырына көтерілсе, ал “Тұлпар” мен “Балдырған” балалар клубының отбасылары екінші және үшінші орынды иеленді. Қазылар алқасының шешімімен әртүрлі сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің спорттық қабілеттіліктерін көрсетуге барынша талпыныс жасаған Шерстовойлар отбасысы “Ең тату отбасы” аталымын жеңіп алды.
Сайыстың қатысушылары Құрмет грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp