СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ
Бұрнағы күні “Нұр Отан” ХДП-ның облыстық филиалында оның сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш қоғамдық кеңестің төрағасы Сайран Хамзиннің қатысуымен өткен жиында қаралған мәселе – сот шешімдері мен үкімдерін орындау аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысын ұйымдастыру. Облыс прокурорының аға көмекшісі Ербол Торсықбаевтың айтуынша, Сот актілерін орындау …