«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛОГРАДОВКАНЫ ОЙРАН-БОТҚА ҚЫЛҒАН ДАУЫЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамырдың 17-сі күні кешкі сағат жеті жарымда күшті жел (9 м/с., кей жерлерде желдің екпіні 21 м/с. жеткен) Тимирязев ауданындағы Белоградовка орта мектебінің 500 шаршы метр шатырын жұлып кетті. Сонымен қатар жалпы аумағы 25 шаршы метрді құрайтын терезелер сынды. 

Бұған қоса ауданы 210 шаршы метрді құраған 16 жекеменшік тұрғын үйдің шатыры бүлініп, 1 шақырымдық электр желісі үзілген. Қазіргі уақытта жөндеу тобы қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады.
Төтенше жағдай орын алған жерде аудандық әкімдік, облыстық ТЖД ТЖ бөлімі мен аудандық білім бөлімі қызметкерлерінен құралған комиссия жұмыс істеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp