«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

15 мамырда Астана қаласында “Самұрық-Қазына” АҚ тобы компанияларының Еңбек әулеттері күні аталып өтті.

Қордың басшысы Өмірзақ Шөкеев осы іс-шарада сөйлеген сөзінде: “Жыл сайын Қор тобы кәсіпорындарының барлық еңбек ұжымдарында осы күні компанияның еңбек әулеттерінің өкілдеріне құрмет көрсетіледі, бұл жастар үшін жақсы үлгі болады”, – деді.
Мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын және әлеуметтік тұрақтылықты қоғамдық көтермелеу ретінде еңбек әулеттері институтын жариялау және қолдау.
Бұл іс-шара Елбасының “Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, еңбек әулеттері ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, кәсіпті отбасы болып мұраға алуын қолдауға, өскелең ұрпақтың бойында еңбекке деген құрмет сезімін, өз кәсібіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді.
Алғаш рет Еңбек әулеттері күнін Астана қаласында өткізуді, ал кейіннен дәстүрлі түрде Қор тобы кәсіпорындарының барлық еңбек ұжымдарында өткізуді жоспарлап отыр.
Мереке шеңберінде Қордың “Еңбек әулеті” медалімен салтанатты марапаттау рәсімі болды. Қор компанияларының 9 еңбек әулеті туралы фильм дайындалды. Бұл – отбасы, ұрпақтар арасындағы байланыстың, отбасы және еңбек дәстүрлерінің нығаюы туралы әңгіме, кәсіпорындардың кәсіби және қоғамдық өмірінің, сондай-ақ бастамашылықтың, белсенді шығармашылық қызметтің дамуының көрінісі.
Компаниялардың еңбек әулеттеріне арналған, олардың тарихы көрсетілген буклет шығарылды.
Іс-шараға “Самұрық-Қазына” АҚ басқармасының төрағасы Ө.Е. Шөкеев, “Қазатомөнеркәсіп” АҚ басқармасының төрағасы B.C. Школьник, “Самұрық-Энерго” АҚ басқармасының төрағасы А.М. Сәтқалиев, “KEGOC” АҚ басқармасының төрағасы Б.Т. Қажиев қатысты.
“Самұрық-Қазына” АҚ-ның баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp