«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ЖАСЫЛ ПЛАНЕТА – 2013» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЛЕТІ биыл Тайыншада өтті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Тайынша қаласы әкімдігінің қолдауымен “Жасыл планета – 2013” бесінші облыстық экологиялық слеті Тайынша агробизнес колледжінде өтті.

Хадиша ЖҮНІСОВА,
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің “Табиғат балалары” экологиялық клубының жетекшісі.

Слетке қатысушылар алдында өзінің экологиялық шараларға қатысу қажеттілігін сезіну және алған экологиялық білімдері мен біліктерін жүзеге асыру міндеттері қойылды.
12 экологиялық клуб қазылар алқасына өз командаларының презентациясын, сондай-ақ “Жасыл планета – 2013” экологиялық слетінің эмблема – нышаны бар баннерін қорғады. Бард әні байқауы, “Өлең жазу” байқаулары өткізілді, сондай-ақ достық саяжолы салынды. Әр командаға жер телімі бекітіліп, оған агрономия талаптарын сақтап, технологияны қолдану арқылы ағаштар отырғызылды.
Көпжылғы белсенді қызметі, экологиялық мәдениеттің дамуына, экологиялық білімнің қалыптасуына кәсіби үлес қосқаны және жастарды табиғатты қорғауға, еңбекке тәрбиелеуде қосқан зор үлесі үшін “Әдістемелік жұмыс және білім беру саласындағы ақпараттық технология орталығы” экологиялық клубының басшылары Х.Жүнісова, Е.Азаренко, Н.Калмыков, М.Ахметова облыстық Білім басқармасының грамотасымен марапатталды.
Слет қорытындысында бірінші орынды Тайынша агробизнес колледжінің экоклубы иеленді. Екінші орын Аққайың ауданының аграрлық колледжі экоклубының еншісіне бұйырды. Құрметті үшінші орынды иеленгені үшін Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің экоклубы грамотамен марапатталды.
“Жасыл планета – 2013” облыстық экологиялық слетіне белсенді қатысқаны үшін Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің “Табиғат балалары” экологиялық клубына “Ең креативті команда” аталымы бойынша, Ленинград ауыл шаруашылығы колледжіне “Көрермендер құрметі”, Петропавл М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжіне “Жоғары жауапкершілігі мен оптимизмі” үшін және т.б. сертификаттар берілді.
Барлық экологиялық клубтарға Тайынша қаласының әкімдігі атынан құнды сыйлықтар табыс етілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp