«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕР ТЕЛІМІН ӨЗ БЕТІНШЕ ИЕЛЕНІП АЛҒАНДАР жауапкершілікке тартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Зайкен МҰҚАШЕВА,
ҚР Өңірлік даму
министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының
бас маманы – мемлекеттік инспектор.

Жер телімін өз бетінше иеленіп алу жер заңнамасын бұзушылықтың ең көп таралған түрі болып табылады. Жер телімінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленген және жер теліміне құқықты куәландыратын мемлекеттік құжаттарын бергенге дейін, құқықты куәландыратын құжаттары ресімделмеген, ал тұлға жер телімін иеленіп алса немесе иеленуді көздеп жүрсе, бұл әрекет жер телімін өз бетінше иеленіп алу деп аталады.
Бұл норманы сақтамау жер телімін өз бетінше иеленіп алу деп саналады және ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 118-бабына сәйкес мемлекеттiк жер телімдерін заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау;

– жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпіс беске дейінгі мөлшерiнде;
– лауазымды адамдарға, жеке кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде;
– iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жер иесі (жалға алушы) өз шекарасын өз бетінше кеңейтсе, қоршауларды нақты шекарадан себепсіз шығарса, құрылыс нысанын орналастырса немесе заттарды қоймаласа, билбордтарды, павильондарды орналастырса, жұқа конструкциядан жасалған контейнерлерді, металдан жасалған гараждарды орналастырса, сондай-ақ алдын ала жалға берілген жер телімдерін уақытында қайтармаса, бұл жер телімін өз бетінше иеленіп алу деп табылады.
ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 118-бабы бойынша аумақтық жер инспекциясы 2012 жылы 13 753,0 мың теңге сомасына 94 айыппұл салды, 2013 жылдың басынан жер телімін өз бетінше иеленіп алудың 23 фактісі анықталып, 2 937,05 мың теңгенің айыппұлы салынды. Тексерістер барысында келесі заң бұзушылықтар анықталды: Мир көшесі бойында тұрғын үй алдында жер теліміне құқық белгілеуші құжаттарсыз жазғы шатыр орналастырылған; Хименко – Ш. Уәлиханов көшесі бойында тұрғын үй ауласында құқық белгілеуші құжатсыз металдан жасалған гараж орналастырылған; жер теліміне құқық иелігіне жатпайтын дүкенге қызмет көрсету үшін кіреберіс орналастырылған. Бұл фактілердің барлығы жер телімін өз бетінше иелену болып табылады. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылында жоспардан тыс өткізілген тексерістер нәтижесінде жер заңнамасын бұзушылықтар анықталды: екі қабатты тұрғын үй тұрғындары жер телімдерін құрылыстар мен бақша үшін құқық белгілеуші құжаттарсыз иеленіп жүрген екен. Аталған жеке тұлғалар 50 айлық көрсеткіші мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ҚР “Жер кодексінің” 43-бабына сәйкес, жер телімінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттар берілгенге дейін жер телімін пайдалануға жол берілмейді. Құқық белгілейтін құжаттары ресімделмеген жер телімдеріне қатысты мәмілелер жасасуға жол берілмейді. Өз бетінше иеленген жер телімдері иелеріне және жалға алушыларға қайтарылуға тиіс. Жер телімін өз бетінше иеленген жағдайда жер телімін пайдалануды қалпына келтіру, демек құрылысты, ғимаратты, имаратты көшіруді кінәлі тұлғалар өз беттерінше немесе өз есебінен жүргізеді.
ҚР “Жер кодексінің” 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Алайда, әр жер телімінің өз иесі бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp