«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОҚТАН ӨЗГЕДЕН СЫЛТАУ ІЗДЕУ ЖӨНСІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.

Вашингтонда өткен Үлкен жиырмалықтың саммитіне қатысушылар әлем экономикасын қалпына келтіру үшін жаңа шаралардың қа-жеттігін, атап айтқанда, АҚШ және Жапония орасан көп сыртқы қарыздарын азайту жөнін-дегі өз жоспарларымен таныстыруы керектігін мәлімдеді. Жапондық экономиканы қайта тү-летуде аздап ілгері басушылық барына қара-мастан, оның өсімі әлі де сенімді емес. Әлем-дегі жұмыссыздық бұрынғысынша өте жоғары. Саммитке қатысушылар атап өткеніндей, ел үкіметтерінің экономиканы жандандыруды көз-деген миллиардтаған құйылымдарының тиім-ділік берер-бермесі үнемі бақылауда болады. Айталық, жапондықтар дағдарыспен осылай-ша күресіп көрмекші.
Қазіргі қаржылық тұрақсыздыққа әлемде етек алып отырған салық төлемдерінен жал-тарудың да салқыны тиіп отырғаны сөзсіз. Үл-кен жиырмалықтың қаржы министрлері мен Орталық банк басшыларының айтуынша, ха-лықаралық салық төлемінен жалтару пробле-масы офшорлық аймақтар арқылы одан сайын ұлғая түсуде. Бұл орайда Ресейдің қаржы ми-нистрі Антон Силуанов: “Біз бұл мәселені әдейі терең талқылаған жоқпыз. Алайда, басқа жа-ғынан алып қарағанда барлық елдер салық тө-леушілерінің офшорға кетуіне, бюджеттің кіріс түсімдерінің төмендеуіне алаңдаулы. Қазіргі дағдарыс жағдайында әрбір ел өз бюджетін то-лықтыру үшін оның көздерін іздейді. Сон-дықтан жеңілдетілген әрі оңай салық саңылау-ларын іздейтіндер, әрине, барлығымызды алаңдатады”, – деді. Ақыры не керек, қаржы-лық “жиырмалық” пәтуәлі коммюнике қабыл-дап, барлық офшорларды салық мәселеле-ріндегі көпжақты әкімшілік өзара көмек туралы конвенцияға қол қоюға шақырды.

Жетекші әлемдік бұқаралық ақпарат құрал-дары сәуір айының басында Британдық Вир-гин аралдарында, Кука аралдарында, Кипрде, Швейцарияда, Панамада, Гонконгте, Синга-пурда және тағы басқаларында офшорлық же-лілердің жұмыс істейтіні жайында деректерді жариялады. Бұл желілерді салықтан бұлтару және кірістерін жасыру үшін 170 елден 130 мыңдай адам пайдаланған. Олардың арасын-да бизнесмендер, қару-жарақ және өнер бұ-йымдарымен сауда жасаушылар, адвокаттар мен қаржылық алыпсатарлар, жоғары дәре-желі шенеуніктер мен әскерилер бар. Әртүрлі деректер бойынша, офшорлардағы шоттарда 20-дан 32 триллион долларға дейін қаржы жа-туы мүмкіндігі, оның қомақты бөлігінің түп-та-мыры күдікті екендігі айтылуда. Сөйтіп, қалай болғанда да ел-елден ұрланып, жымқырылған бұл қаржы экономикаға ашық жұмыс істеудің орнына офшорлық аймақтардың кассаларын ғана қалыңдатып отыр.
Әлемдік қаржылық жағдайдың оңалып ке-туіне біршама уақыттан бері тұрақтылық та-нытып отырған, тіпті, соңғы уақытта ептеп өсе бастаған мұнай бағасының да ықпалы он-шалықты сезілмейді. Сауда деректері аңғар-тып отырғанындай, мұнайдың әлемдік бағасы өткен жұма күні АҚШ-та корпоративтік есебі шығарылғаннан кейін өсім берді. Атап айтқан-да, солтүстік теңіздік Brent Crude OіI маркалы мұнай қоспасы 0,52 долларға өсіп, баррелі 99,65 долларға жетті. Ал WTI маркалы жеңіл мұнай құны 0,28 долларға артып, бір баррелі 88,01 долларды құрады.
Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша әлемдегі экономикалық өсім биылғы жылы бұрын айтылып келгендей, 2012 жылғы деңгейден анағұрлым жоғары бола алмайды. Оны экономикалық өсімі өзгелерге қарағанда біршама жақсы Қытайдың мысалынан аңғару-ға болады. Аспанасты елінің жалпы ішкі өнімі 2013 жылдың І тоқсанында жылдық есеппен алғанда 7,7 пайызға өсті. Бұл туралы ҚХР Мем-лекеттік статистика бюросы хабарлап отыр. Осы жылғы қаңтар-наурыздағы ресми эконо-микалық өсім бағамы Қытай экономикасы өсі-мінің 8,0 пайыздық болжамын жасаған сарап-шылардың күткенінен төмен болды. Қытайдың ЖІӨ-і 2013 жылғы І тоқсанда оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда сарапшылар күткен 1,9 пайызға емес, 1,6 пайызға ғана көтерілді. Алдындағы тоқсанда (2012 жылдың қазан-желтоқсаны) Қытайдың ЖІӨ-і өсімі жылдық есеппен алғанда 7,9 пайызды құрады, ал бү-тіндей жыл қорытындысы бойынша ел эконо-микасы 7,8 пайызға өсті. Алайда, осының бар-лығы 1999 жылдан бергі ең төмен нәтиже бо-лып табылады. Ал бұдан шығатын қорытын-ды: ҚХР экономикасының бәсеңсуі азиялық аймақ экономикасындағы жоғары шепке же-туіне байланысты, яғни оған қайта құрылым-дау қажеттігін білдіреді.
Осындай қаржылық абыржулы кезеңде жоқтан өзгеден сылтау ізделетіні белгілі. Мысалы, қазір АҚШ экономикасы тұрақты дамып отырған Жапония мен Қытайдан валю-та бағамымен қулық әрекет жасамауын сұрау-да. Бірақ оған олардың нақтылы дәлелі жоқ, жай “төлемдер балансы тетігіне түзету енгізе отырып, халықаралық саудада әділетсіз бәсе-келестік артықшылыққа ие болып отыр” деген күдік қана. Бұл туралы ұлттық үкіметтерді кі-нәлауға болмайды, бірақ Қытай мен Жапония биліктеріне күдікпен қарауға да негіз бар, деп мәлімдеді министрлік конгреске. Қытайдың жиырмалықтың басқа мүшелерінен айырма-шылығы – ол валюта нарығындағы интервен-ция жайында ешкімге сыр ашпайды. Америка-лық қаржы министрлігін Қытайдың белсенді түрде валюта сатып алуы алаңдатады.
Әлемдік қаржы дағдарысын жеңілдетуде халықаралық валюталық қорлардың пәрмені келгенінше дұрыс жұмыс жүргізгені маңызды. Мысалы, еуро аймағында ақша-кредиттік сая-сатты жұмсартуды жалғастыру қажет. Әлем-дегі барлық орталық банктердің ішінде Еуро-палық орталық банктің маневрлік іс-қимылға бара алатын кеңістігі зор. Сондықтан ол жа-һандық экономикадағы өсімнен қалып қоймауы үшін ширыға толық қуатында жұмыс істеуі керек, дейді Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард. Оның пайымдауын-ша, еуроаймақтың экономикасы қосымша ын-таландыруды қажет етеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp