«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕМИНАРҒА ҚАТЫСЫП, тәжірибе алмастық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Тайынша ауданының орталығындағы №5 орта мектепте “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің оқушы белсенділігін арттыруға әсері” тақырыбында аудандық семинар өтіп, оған орыс тілі және география пәндерінің мұғалімдері қатысты. 

Ементай АМАНЖОЛОВ,
Келлеровка орта
мектебінің мұғалімі.

Аталмыш семинар тәжірибелікпсихологиялық тренинг, мектеп өмірі, теориялық, практикалық, мәдени бөлімдерден тұрды. Практикалық бөлімде ашық сабақтар өткізілді. Өрлеу орталығынан 2 деңгей бойынша курстан өтіп келген ұстаздар әріптестерімен өздерінің алған білімдерімен бөлісті. Практикалық бөлімде орыс тілі пәні мұғалімі Айжан Мұхамеджа-нова 9 “ә” сыныбына “Прямая речь” тақырыбында өткізген ашық саба-ғында жаңа технологияларды қол-дана отырып, әртүрлі тәсіл арқылы жұмыс түрлерін көрсете білді. География пәнінен Бибінұр Шаханова 8 “а” сыныбына “Сауыр Тарбағатай” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, жобаларды қорғау, топтық жұмыс, АКТ жаңа технология стратегияларын орынды қолдана білді. Семинарға жиналған қос пәннің мұғалімдері сабақ берудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйренгені анық. Себебі, осындай семинарлар кезінде аудандағы барлық мектептердің мұғалімдерінің басы қосылып, олардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік туады.

Тайынша ауданы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp