«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТАРИХ АТА”-ға ТӘНТІ ШӘКІРТТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Айгерім УӘЛИЕВА,
№20 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, директордың ғылыми-әдістеме ісі бойынша орынбасары.

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 13-15 мамыр аралығында Бурабайдағы “Балдаурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығында 5-10 сынып оқушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнінен “Тарих ата” VIII республикалық қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. І кезеңі 11 наурызда Интернет желісі арқылы өткізіліп, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 5000 оқушы қатысып, олардың 270-ке жуығы ІІ қорытынды кезеңге өткен.
Қорытынды кезеңде 5-7-сынып оқушылары “Дарын” орталығы дайындаған 25 сұрақтан тест тапсырмаларын орындады. Ал 8-10-сынып оқушылары тест тапсырмаларына қоса, эссе жазды. Қазылар алқасының төрағасы белгілі тарихшы ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің деканы Тілеген Садықов болды.
Екінші кезеңге Петропавл қалалық жалпы білім беретін №1 лицейдің 8-сынып оқушылары Тимур Жармұқанов пен Богдан Григорьев қатысып, қатысушы сертификаттарын иеленді. Ал №20 орта мектептің 6-сынып оқушысы Адель Қапарова жүлдегер атанып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыны дайындаған осы жолдардың авторына Алғыс хат табыс етілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp