“Транссиб” сауықтыру профилакторийінде ардагерлердің және демалушылардың алдында қайырымдылық ойын-сауық кештерін ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Мұнда жуырда халық театрының режиссері Надежда Окуневаның жетекшілік етуімен Борис Васильевтің “А зори здесь тихие” спектаклі сахналанды.
Анна КУЧЕРЕНКО,
еңбек ардагері.
Облыс орталығының №7 орта мектебі оқушыларының тікелей қатысуымен өткізілген бұл спектакльді осында ем-дом алып жатқан ардагерлер өте жылы қабылдады. Қойылым барысында Ұлы Отан соғысының халыққа әкелген қасіретін, қатардағы жауынгерлердің жасаған ерліктерін еріксіз көз алдарына елестеткен көрермендер оқушыларға дән риза болды.
Сонымен бірге тыңдаушылардың назарына Валентин Катаевтың “Сын полка” повесі ұсынылды. “БЭСТ” мектебі оқушыларының қатысуы мен ұйымдастырылған қойылым тыңдаушылардың көңілінен шықты.
“Транссиб” сауықтыру профилакторийінің құрметті қонақтарының бірі – қалалық Мәдениет үйінің жанынан құрылған казак халық хорының 20 жыл бойы әншісі болған Вера Рогачеваның орындауындағы орыс халық әндері тыңдаушылардың жүрегіне жол таба білді.
Казактардың ұлттық хоры “Звонница” да ардагерлер көңілін бір серпілтіп тастады. Олар орындаған украин және орыс халық әндері зор қошеметке ие болса, осында өнер көрсеткен “Лейся, песня” вокалдық тобы өздерінің бай репертуарымен демалушыларға ұмытылмастай әсер қалдыр ды.