Петропавлда кикбоксингтен облыстық біріншілік өтті. Оған Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Жамбыл және Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласының спорт мектептерінен 110 спортшы қатысты.
Екі күнге созылған бәсекелі жарыстың қорытындысы бойынша 1996 және одан кейінгі жылдары туғандар арасында Нұрлан Дәуітов (51 кг.), Данияр Қажымұратов (54 кг.), Нұрахмет Дарбаев (57 кг.), Рауан Оразбай (60 кг.), Шыңғыс Бейсен (63,5 кг.) Темірлан Қаби (67 кг.), Рахат Нұрахметов (71 кг.) және Зауыр Сазықов (75 кг.). 1997-1998 жылдары туғандар арасында Данияр Гайнуллин (51 кг.), Бауыржан Шайменов (54 кг.) Рүстем Қайратов (57 кг.) және Ернар Тасқараев (63,5 кг.), 1999-2000 жылдары туғандар арасында Евгений Павлов (33 кг.), Тимур Бинатов (36 кг.), Ерлан Ибраев (39 кг.), Дима Му хамедшин (42 кг.), Александр Зацепин (48 кг.), Ринат Зейнолов (51 кг.), Алдияр Кәкімов (57 кг.) және Михаил Стрижков (60 кг.), 2001-2002 жылдары туғандар арасында Саша Козловский (28 кг.), Рахмет Жүсіпбеков (30 кг.), Анар Мұстафаев (32 кг.), Сұлтанбейбарыс Жолдыбеков (34 кг.), Аркадий Чолоян (36 кг.), Темір Дәуірбеков (40 кг.), Зяудин Албегачиев (45 кг.) жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтеріліп, алтыннан алқа тағынды.
Біріншіліктің барлық жеңімпаздары дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздар маусымның 8-9-ы күндері Алматы қаласында өтетін республикалық біріншілікте облыс намысын қорғайтын болады.
(Өз тілшімізден).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp