Таяуда Челябі қаласында грекрим күресінен бүкілресейлік турнир өтті. Сайысқа Ресей мен Қазақстаннан жалпы 96 спортшы қатысты.
Аталмыш сайыста “Жеңіс” спортқа мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, Александр Пантелеев (60 кг.) – бірінші орын, ал Тарон Сукиасян (74 кг.) үшінші орыннан көрінді.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру
және спорт басқармасының баспасөз қызметі.