«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙТЕУІР, МАЛ ДА, ЖАН ДА АМАН…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 286 өрт болып, одан 122 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 31 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Жиырма адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.  

 

Аққайың ауданындағы Астраханка ауылының 38 жастағы тұрғыны үйінде өзі жалғыз ішімдік ішкен. Ауыз үйдегі диванда темекі тартып, ұйықтап қалған ол біраз уақыттан соң түтін иісінен оянады. Отқа оранған үстіндегі көрпені сумен сөндіріп, төр бөлмеге бет алған азамат кейін орталық аудандық ауруханада есін жиған. Оған “иіс тиіп уланды” деген диагноз қойылды. Орын алған өрт туралы өрт жасағына жапа шегушінің көршісі хабарлаған. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер төрт сағат ішінде тілсіз жауды ауыздықтады. Оттың кесірінен баспананың шатыры айтарлықтай зақымдалды.

Пешті жағу барысында өрт қауіпсіздігінің сақталмауына жол берген Тайынша қаласы тұрғынының баспанасы отқа оранды. Жалмаңдаған өрт үйдің кіреберісін, асүйі мен шатырын зақымдады. Дегенмен, жергілікті құтқарушылар баспананы толықтай жойылудан аман алып қалды.

Тілсіз жау басқа да солтүстікқазақстандықтардың үйлері мен қора-қопсыларында өзінің “қара ізін” қалдырды. Атап айтар болсақ, Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы мен Суворовка елді мекенінде, Есіл ауданының орталығы – Явленка мен Покровка ауылдарында, Тайынша ауданының – Келлеровка, Жамбыл ауданының – Благовещенка, Айыртау ауданының – Саумалкөл, Шал ақын ауданының Ступинка елді мекендерінде орын алған өрт жеке тұрғын үйлер мен ауладағы ағаш құрылымдарға зақым келтірді.

Аққайың ауданындағы Добровольское ауылының тұрғыны бір мезетте 7 тонна шөбінен айрылды. Оқиға былай болған: жапа шегушінің көршісі ауласында қыстан қалған қоқыс пен ескі шөпті күйдіру барысында отқа ие бола алмай қалған. Желдің салдарынан көтерілген шоқ көршінің шөбіне түсіп, мал азығы күлге айналды.

Облыстық ТЖ департаменті облыс тұрғындарын желді күні қоқыс өртеу қауіпті екенін ескертеді. Өрт пайда болған жағдайда дереу “101”, “112” нөмірлері бойынша өртке қарсы қызметке хабарлаңыздар.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp