Солтүстікқазақстандық жеңілатлетшілер ҚР ІІІ Жастар ойындарына қатысты.
Бәсекелі дода қорытындысы бойынша өңірлік желаяқтар жалпыкомандалық есепте Алматы, ШҚО және Қарағанды облыстарының құрамаларынан кейінгі төртінші орынға жайғасты. Жерлес спортшылардың еншісінде 5 алтын, 8 күміс және 9 қола бар.
Атап айтқанда, Татьяна Юрченко, Екатерина Эктова, Александр Нижеборцев, Светлана Загороднева топ жарып, жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.