«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

3 АДАМ СУҒА БАТЫП КЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылдың 5 мамырынан бері облыстың су айдындарында 3 адам суға батып кетті.
Төтенше жағдайдың алғашқысы Мағжан Жұмабаев ауданының Половинное көлінде орын алып, балық аулаған 32 жастағы азамат су түбіне кетсе, келесі оқиға Қызылжар ауданындағы Долматово ауылынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан Чаша көлінде тіркелді. Алкогольдік ішімдікке тойып алған 50 жастағы ер адам қайықтан құлап, батып кеткен.
Ал соңғы төтенше жағдай Мамлют ауданының Воскресеновка елді мекенінің маңындағы Сладинкое көлінде орын алды. Балық аулау барысында қайықтан құлаған 74 жастағы балықшы су тұңғиығына кетті.
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін сақтамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін түнгі уақытта, жөнделмеген қайықпен, қатты жел тұрғанда және құтқару жейдесінсіз балық аулауға тыйым салынады.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp