Өткен аптада облыстық Сот актілерін орындау департаментінде жеке негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті одан әрі пайдалану жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.
Комиссия отырысының нәтижесі бойынша 1000-нан астам DVD-дискілер, 92 бөтелке алкогольдік өнім, қайың, шырша бұтақтары, сайман-құралдар (ара, балға, балта) және басқа да мүліктерді жоюға шешім шығарылды.
Заттай дәлелдемелерді жою БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Бұл – сот орындаушылары биыл өткізген алтыншы жою болып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі.