«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НӘТИЖЕМІЗ – 2 АЛТЫН, 3 КҮМІС және 2 ҚОЛА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының көктемгі біріншілігі өтті. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен атлеттер қатысты. 
Облысымыздың спортшылары жарыста жақсы нәтижелер көрсетті. 100 метр қашықтыққа жүгірген 28 спортшының арасында топ жарып, мәре сызығын бірінші болып қиған Александр Викторенко ҚР спорт шебері нормативін орындады. Дәл осы қашықтықта үшінші болған Темірлан Сүлейменов ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанды.
Сайыс қорытындысы бойынша Маргарита Мұкашева (800 метр), Анна Пяткина (1500 және 5000 метр) 1-орынды жеңіп, алтыннан алқа тағынса, Вадим Бойко (1500 метр), Никита Головин (2000 метр кедергі арқылы жүгіру), Лада Фомина (2000 метр кедергі арқылы жүгіру) – екінші, ал Гүлім Жақыпова (5000 метр) мен Ботагөз Әмренова (2000 метр кедергі арқылы жүгіру) үшінші болды.

Облыстық Туризм, дене шынықтыру
және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp