Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық турнир аяқталды. Оған еліміздің барлық аймағынан 23 құрама, 236 жас балуан қатысты.
Аталмыш сайыста облыс атынан боз кілемде өнер көрсеткен жерлесіміз Роман Плясунов 66 килоға дейінгі белдесуде үшінші орынға тұрақтады.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру
және спорт басқармасының баспасөз қызметі.