«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.05.2013

“NIF$50K” БАЙҚАУЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

2013 жылдың 14 мамырынан бастап республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар “NIF$50K” байқауына өтініштерді қабылдау басталды. “NIF$50K” байқауы – еліміздегі инновациялық белсенділікті насихаттау бағытындағы үздік жоба. Байқаудың ұйымдастырушысы – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен “Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық Агенттік” АҚ. Байқаудың мақсаты – инновациялық белсенділікті қолдау және инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау. “NIF$50K” байқауы елімізде алғаш рет 2005 …

“NIF$50K” БАЙҚАУЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ Read More »

БӘРІН ДЕ БАҚЫЛАЙТЫН БОЛАДЫ

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. “Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық бақылау” коалициясы – республика өңірлері ішінде осы бағыттағы әзірге бірінші болып құрылған қоғамдық ұйым. Ол облыс әкімдігімен осы жылдың 14 ақпанында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, бүгінде ондағы көрсетілген негізгі ынтымақтастық бағыттары бойынша жұмыс жүргізе бастады. Коалицияға “Қазақстанның Азаматтық альянсы” облыстық филиалының төрағасы Сергей Худяков үйлестіруші ретінде …

БӘРІН ДЕ БАҚЫЛАЙТЫН БОЛАДЫ Read More »

“БІЛІМ ИЕЛЕРІНЕН СҰРАҢДАР”

  Болат ҚОЖАХМЕТОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Қасиетті Құранның алғашқы аяты “Оқы!” деп түскенін білеміз. Бұл Құранды жатқа оқуға емес, жалпы ғаламның қыры мен сырын зерделеп оқуға берілген бұйрық екені де есімізде бар. Әрдайым білімге, ғылымға үндеген Құранның аяттары мен Мұхаммед пайғамбардың хадистері де баршылық. “Қызылжар” орталық мешітінде аудандардың имамдары мен ауылдардың молдаларын төрт күннен бері тоғыстырған біліктілікті …

“БІЛІМ ИЕЛЕРІНЕН СҰРАҢДАР” Read More »

ЖАСТАР “ТАЗА ҚОЛ” ФЛЕШМОБЫН ӨТКІЗДІ

  23 мамырда “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” акциясы аясында білім беру мекемелерінің студенттері “Таза қол” тақырыбында флешмоб өткізді.Бұл күні ақ қолғап киген 100-ден астам қыз-жігіт “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” ұранымен және транспаранттармен қаланың орталық көшесімен жүріп өтті. Аталған шараны облыс бойынша Қаржы полициясы департаменті, “Жас Отан” ЖҚ және “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы ұйымдастырды.Шараның негізгі …

ЖАСТАР “ТАЗА ҚОЛ” ФЛЕШМОБЫН ӨТКІЗДІ Read More »

“ҚАУІПСІЗ ДӨҢГЕЛЕК” САЙЫСЫ САЙЫСЫ

Жол сақшылары мен мектеп оқушылары арасында “Қауіпсіз дөңгелек” атты сайыс өткізілді. Жазғы демалыс қарсаңында ұйымдастырылатын дәстүрлі дода балаларға жолда жүру ережелерін еске салдырды. Екі күнге созылған жарыс барысында балалар велосипед тебуден, жол полицейлерінің жас көмекшілері жол қозғалысын реттеуден өзара мықтыларды анықтады. Жарыстың мақсаты – балаларға қала көшелері мен жолдарда жүрген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін …

“ҚАУІПСІЗ ДӨҢГЕЛЕК” САЙЫСЫ САЙЫСЫ Read More »

ЖАЗДА ТОНАУ ЖИІЛЕЙДІ

Мамырдың 14-і күні түнгі сағат 2 шамасында Мир көшесі бойындағы аулалардың бірінде 41 жастағы әйел адам тоналды. Белгісіз біреулер оның күміс сақинасы мен құжаттары салынған сөмкесін тартып алған. Жәбір көрген әйел бірден “102” телефон нөміріне хабарласып, мәнжайды айтқан. Нәтижесінде қылмыстың ізі суымай ашылды. Бірінші болып көмекке патрульді полиция батальонының қызметкерлері келіп жеткен. Тәртіп сақшыларының жедел …

ЖАЗДА ТОНАУ ЖИІЛЕЙДІ Read More »

“ДОПИНГ” БАРЫСЫНДА марихуана тасымалдамақ болған Ресей азаматы қолға түсті

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары “Допинг” жедел-алдын алу шарасы бойынша жұмыс істеуде. Басты мақсат психотропты, есірткі заттарын және прекурсорларды заңсыз сақтау, сату, сатып алу және қолданудың алдын алу, жою болып отыр. Шараның төрт күні ішінде 5 қылмыстық факті мен 4 заң бұзушылық анықталды. Уәлиханов ауданының Бидайық ауылындағы шекара бақылау бекетінде “Фольксваген-Транспортер” маркалы көлікті тексеру барысында одан скотчпен …

“ДОПИНГ” БАРЫСЫНДА марихуана тасымалдамақ болған Ресей азаматы қолға түсті Read More »

“ШАҚЫРЫЛМАҒАН” ҚОНАҚТАР Қазақстаннан кетуге асығар емес

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған шетел азаматтарын елден шығарумен айналысып жүрген солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері 3 қылмыстық іс қозғады. “Нелегал” жедел-алдын алу шарасы кезінде көші-қон заңнамасын сақтамау бойынша 700-ден астам заң бұзушылық анықталды.  Ресей Федерациясының 40 жастағы азаматы Қазақстан Республикасында болу заңнамасын бұзғаны үшін өткен жылдың қазан айында елден шығуы керек-тін. Алайда, Мағжан Жұмабаев АІІБ-нің көші-қон …

“ШАҚЫРЫЛМАҒАН” ҚОНАҚТАР Қазақстаннан кетуге асығар емес Read More »

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН КӨЛІК ТОНАЛДЫ

Булаево қаласында тұратын ерлі-зайыпты балаларының әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеулері мүмкін. Ауылдың екі тұрғыны автокөліктерінің тоналғандығы жайында Мағжан Жұмабаев аудандық ішкі істер бөліміне арыз түсірген. Қонаққа келген олар көліктерін аула сыртына қойып, құлыптамай қалдырып кеткен. Қараусыз қалған “темір тұлпарға” ұрылар түскен. Көлік ішінен құжаттар салынған әмиян, магнитола мен навигатор қолды болған. Жәбірленушілер алғашында …

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН КӨЛІК ТОНАЛДЫ Read More »

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

Петропавл тұрғындарын алдап, несиеге тұрмыстық техника алғызып келген қылмыстық топ құрықталды. Олар арбауға түскен өз таныстарына: “Техника алғаныңыз үшін ақшаны қайтарудың қажеті жоқ, несие менеджерлердің көмегімен есептен шығарылатын болады”, деген. Уақыт өте келе несиені қайтару туралы ескертпе келгенде ғана жәбірленушілер өздерінің алданғандықтарын білген. Петропавл қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларына арызданып, белгісіз қылмыскерлердің қарындасы мен оның досын …

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Read More »

ЖУРНАЛИСТЕР мен СТУДЕНТТЕР СӨЗ ЖАРЫСТЫРДЫ

  Жуырда облыстық Қаржы полициясы департаменті және “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының ұйымдастыруымен “Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету тетіктері” тақырыбында дебаттық турнир ұйымдастырылды. Оған М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері қатарынан 4 команда және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.Дебаттық турнирдің мақсаты – қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдарын қалыптастыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа күресуге тарту, белсенді азаматтық …

ЖУРНАЛИСТЕР мен СТУДЕНТТЕР СӨЗ ЖАРЫСТЫРДЫ Read More »

ӘЙЕЛГЕ ӘЛІМІЗ ЖЕТЕДІ ДЕП…

13-23 мамыр аралығында облыс аумағында “Әйел – отбасы мен мемлекет тірегі” атты акция өтті. Тәртіп сақшылары отбасында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Бүгінде облыста әлеуметтік жағдайы нашар деп танылған 837 отбасы бар. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, тізімге алынған бұл отбасыларда зорлық-зомбылық жиі орын алады. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары жанжал ұйымдастырғандардың үстінен …

ӘЙЕЛГЕ ӘЛІМІЗ ЖЕТЕДІ ДЕП… Read More »

БАС ҚАРЖЫ ПОЛИЦЕЙІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

  “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” атты ақпараттық-насихат акциясының шеңберінде 22 мамырда “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыс бойынша Экономикалық қылмысқа және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Нұрлан Шабдар азаматтарды жеке қабылдады.Қабылдауда 7 адамның арызы қаралды. Қабылдауға келген азаматтардың өзекті мәселелерінің барлығы тексеру жүргізу үшін бақылауға алынды. Мұндай жұмысты департамент пен “Нұр Отан” …

БАС ҚАРЖЫ ПОЛИЦЕЙІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Read More »

ҚАРАЛҒАН ӘР МӘСЕЛЕ – өңір басшысының жеке бақылауында

Көктемгі дала жұмыстары, ірі қара мал етін экспорттау, автомобиль жолдарын жөндеу мен “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің құрылысы мәселелері облыстық әкімдікте өңір басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен өткен жиында қаралды.  Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,журналист. Өңір диқандары көктемгі егіс жұмыстарын жауыншашын салдарынан кешеуілдетіп жатыр. 17 мамырда басталған көктемгі дала жұмыс-тарын шаруалар 20 күнде аяқтаулары тиіс.  “Әсіресе, …

ҚАРАЛҒАН ӘР МӘСЕЛЕ – өңір басшысының жеке бақылауында Read More »

ЕҢБЕКАҚЫ БЕРЕШЕГІН ЖОЮ ТАЛАП ЕТІЛДІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық әкімдікте облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен өңірдегі дағдарысқа қарсы штабтың еңбекақы бойынша берешекті жоюға бағытталған шаралар қолдану жөніндегі алғашқы мәжілісі өтті.   Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент директоры Жанахмет Тасшығұлов хабарлама жасады. Ол апта сайынғы мониторингке қойылған 10 кәсіпорынның ішінде Петропавл қаласындағы 2,1 миллион …

ЕҢБЕКАҚЫ БЕРЕШЕГІН ЖОЮ ТАЛАП ЕТІЛДІ Read More »

Жаһандық дағдарыстан шығу жолдарын іздеген жиын

Мамырдың 23-і күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен VІ Астана экономикалық форумының аясында Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция өтті.БҰҰ-ның қолдауымен тұңғыш рет өткізіліп отырған Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияны (БДҚК) өткізу бастамасын алғаш рет күн тәртібіне қойған да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Сөйтіп, Тәуелсіздік сарайында әлемнің 132 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық саясаткерлер, сарапшылар және іс басындағы …

Жаһандық дағдарыстан шығу жолдарын іздеген жиын Read More »

АЙҚЫН БАҒДАР АДАСТЫРМАЙДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров Жолдау талаптарынан туындайтын іргелі міндеттер, Елбасы тапсырмаларының орындалуы, өңірді дамытудың кезек күтпес мәселелері мен алдағы жұмыс жоспарлары жайлы ой бөліседі.   – Самат Сапарбекұлы, Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың Жарлығымен Сол­түстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғаныңызға 100 күн өте шығыпты. Қызылжар өңірінде аудан әкімі, облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, …

АЙҚЫН БАҒДАР АДАСТЫРМАЙДЫ Read More »