«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ШАҚЫРЫЛМАҒАН” ҚОНАҚТАР Қазақстаннан кетуге асығар емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған шетел азаматтарын елден шығарумен айналысып жүрген солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері 3 қылмыстық іс қозғады. “Нелегал” жедел-алдын алу шарасы кезінде көші-қон заңнамасын сақтамау бойынша 700-ден астам заң бұзушылық анықталды. 

Ресей Федерациясының 40 жастағы азаматы Қазақстан Республикасында болу заңнамасын бұзғаны үшін өткен жылдың қазан айында елден шығуы керек-тін. Алайда, Мағжан Жұмабаев АІІБ-нің көші-қон тәртіп сақшылары анықтағандай, ол осы күнге дейін Таманское ауылындағы туыстарын заңсыз паналап келген. Көші-қон заңнамасын сақтамағаны үшін сот заң бұзушыны бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ал соңғы ретте сот оны елден шығаруға мәжбүрлеген. Сот шешімін орындамағаны үшін ҚР ҚК 330-бабы 1-тармағы бойынша бұл заң бұзушының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ Есіл және Шал ақын аудандарында жасырынып келген Ресейдің екі азаматының үстінен де қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Шара барысында көші-қон заңнамасын сақтамаған және бұзған 667 шетелдік пен 83 қазақстандыққа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Өзге елдердің азаматтарын заңсыз түрде жұмысқа тартқан 25 адам да жауапқа тартылып отыр.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp