«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл тұрғындарын алдап, несиеге тұрмыстық техника алғызып келген қылмыстық топ құрықталды. Олар арбауға түскен өз таныстарына: “Техника алғаныңыз үшін ақшаны қайтарудың қажеті жоқ, несие менеджерлердің көмегімен есептен шығарылатын болады”, деген. Уақыт өте келе несиені қайтару туралы ескертпе келгенде ғана жәбірленушілер өздерінің алданғандықтарын білген.

Петропавл қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларына арызданып, белгісіз қылмыскерлердің қарындасы мен оның досын алып кетіп, еріксіз қамауда ұстап отырғандығын айтқан. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бұрын істі болған Есіл ауданының азаматы мен қала тұрғыны тұтқындалып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Заңсыз бостандықтан айыру фактісі бойынша ҚР ҚК 126-бабы аясында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары барысында тәртіп сақшыларына хабарласқан жігіттің де бірнеше рет алаяқтық жасағаны анықталды. Оның қарындасын екі жігіттің еріксіз қамауда ұстауына сол қылмыстары себеп болған.
Қылмыстық топ таныстарын тұрмыстық техниканы несиеге алып беруге азғырған. Ал рәсімделген техника менеджерлердің көмегімен есептен алынып тасталатындығын айтқан. Несиені қайтару керектігі жөнінде ескертпе келгенде ғана тұрғындар алданғандығын білген. Нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар екі күдікті қамауға алынды. Олардың бірі осы сынды факты бойынша істі болған. Екінші күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр. Ол бұған дейін такси жүргізушісі болып істеген.
Күдіктінің айтуынша, өз сыбайласымен жұмыс орнында танысқан. Таксист сағатына 2 мың теңгеге клиентін қажетті мекенжай бойынша тасымалдаумен айналысқан көрінеді. Дегенмен, танысымның бұл қылмыстық әрекеттері жайлы ештеңе білген жоқпын, деп ақталуда. Петропавл қаласында осындай жүйе бойынша он шақты адамның қалтасы қағылған екен.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp