«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАС ҚАРЖЫ ПОЛИЦЕЙІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

“Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” атты ақпараттық-насихат акциясының шеңберінде 22 мамырда “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыс бойынша Экономикалық қылмысқа және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Нұрлан Шабдар азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдауда 7 адамның арызы қаралды. Қабылдауға келген азаматтардың өзекті мәселелерінің барлығы тексеру жүргізу үшін бақылауға алынды.
Мұндай жұмысты департамент пен “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы 5 жылдан астам уақыттан бері тұрақты түрде жүргізіп келеді. Жеке қабылдауларды өткізу азаматтардың өзекті мәселелерін нақты шешуге, қаржы полициясы органдарының қызметіне деген сенімнің артуына ықпал етеді.
Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp