«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗДА ТОНАУ ЖИІЛЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамырдың 14-і күні түнгі сағат 2 шамасында Мир көшесі бойындағы аулалардың бірінде 41 жастағы әйел адам тоналды. Белгісіз біреулер оның күміс сақинасы мен құжаттары салынған сөмкесін тартып алған. Жәбір көрген әйел бірден “102” телефон нөміріне хабарласып, мәнжайды айтқан. Нәтижесінде қылмыстың ізі суымай ашылды. Бірінші болып көмекке патрульді полиция батальонының қызметкерлері келіп жеткен. Тәртіп сақшыларының жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында қылмыскерлер оқиға орнынан алыс емес жерде тұтқындалды.
“Мекенжай бойынша келіп жеткенде бізден жасырынбақ болған үш күдікті адамды ұстадық. Кейін оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырттық”, – дейді аға сержант Нұрбек Байлин. Күдіктілер осы қылмысқа қатысы барларын бірден мойындады. Алайда, олар жәбірленушінің өзіне кінә тағып отыр. Айтуларынша, әйел олармен бірге спирттік ішімдік ішкен.
Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің біреуі уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp