23 мамырда “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” акциясы аясында білім беру мекемелерінің студенттері “Таза қол” тақырыбында флешмоб өткізді.
Бұл күні ақ қолғап киген 100-ден астам қыз-жігіт “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” ұранымен және транспаранттармен қаланың орталық көшесімен жүріп өтті.
Аталған шараны облыс бойынша Қаржы полициясы департаменті, “Жас Отан” ЖҚ және “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықпен күреске азаматтық қоғамның қалың бұқарасын тарту, тұрғындардың оған қарсы дүниетанымын қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын құру және бұл іске жастарды тарту болып табылады.
Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.