«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖУРНАЛИСТЕР мен СТУДЕНТТЕР СӨЗ ЖАРЫСТЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Жуырда облыстық Қаржы полициясы департаменті және “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының ұйымдастыруымен “Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету тетіктері” тақырыбында дебаттық турнир ұйымдастырылды. Оған М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері қатарынан 4 команда және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Дебаттық турнирдің мақсаты – қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдарын қалыптастыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа күресуге тарту, белсенді азаматтық ұстанымдарын және құқықтық сауаттылығын дамыту.
Алғашқы сөз алған ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы, қаржы полициясының капитаны Виктория Пивоварова жалпы облыста сыбайлас жемқорлық фактілері туралы айтып өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Дебаттық турнир америкалық парламенттік формат бойынша орыс тілінде келесі қарар бойынша өткізілді: 1-палата сыбайлас жемқорлықты азайту амалдары туралы өз ойларын ортаға салды, 2-палата республикада сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою мүмкіндіктері жайлы айтты.
Барлық қатысушылар грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дебат соңында турнирге қатысушылар және қаржы полициясы қызметкерлері журналистердің сұрақтарына жауап беріп, сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша өз пікірлерін айтты.
Қаржы полициясы департаментінің
баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp