«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН КӨЛІК ТОНАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Булаево қаласында тұратын ерлі-зайыпты балаларының әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеулері мүмкін.
Ауылдың екі тұрғыны автокөліктерінің тоналғандығы жайында Мағжан Жұмабаев аудандық ішкі істер бөліміне арыз түсірген. Қонаққа келген олар көліктерін аула сыртына қойып, құлыптамай қалдырып кеткен. Қараусыз қалған “темір тұлпарға” ұрылар түскен. Көлік ішінен құжаттар салынған әмиян, магнитола мен навигатор қолды болған. Жәбірленушілер алғашында көршілердің балаларынан күдіктеніп, заттарын өздері тауып алмақ болған. Алайда, іздестіру шаралары еш нәтиже бермеген.
Балалар болса тәртіп сақшыларына: “Көшеде ойнап жүріп, ашық қалған көлікті көрдік, сосын одан әмиян, магнитола мен навигаторды алып, әрі қарай ойынымызды жалғастырдық”, – деген. Кешке үйге тараған кезде жүгірмектердің бірі қолды болған заттарды сөмкесіне салып, үйіне алып кеткен.
Ұрланған заттардың барлығы тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелеттік жасқа толмаған балалар істері жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты Денис Чепиковтың айтуынша, күдіктілердің барлығы бұрыннан ішкі істер органдарында сәтсіз отбасылардан шыққан балалар ретінде тіркеуде тұр. Қазіргі кезде тәртіп бұзушылардың ата-аналарын әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp