«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАУІПСІЗ ДӨҢГЕЛЕК” САЙЫСЫ САЙЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жол сақшылары мен мектеп оқушылары арасында “Қауіпсіз дөңгелек” атты сайыс өткізілді. Жазғы демалыс қарсаңында ұйымдастырылатын дәстүрлі дода балаларға жолда жүру ережелерін еске салдырды. Екі күнге созылған жарыс барысында балалар велосипед тебуден, жол полицейлерінің жас көмекшілері жол қозғалысын реттеуден өзара мықтыларды анықтады. Жарыстың мақсаты – балаларға қала көшелері мен жолдарда жүрген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескерту.

Сайысқа 300 баладан жасақталған 26 құрама қатысты. Құрамалар әр кезеңге қажетті заттар мен арнайы дайындаған киім үлгілерімен өнер көрсетті. Жас велосипедшілер мен жол қозғалысын реттеушілер сынға түсіп, бар білгендерін ортаға салды. Сондай-ақ жарыс барысында саптық әзірлік те сарапқа салынды.
Екатерина Серебринникова – жыл сайынғы өткізілетін аталмыш шараның тұрақты қатысушысы. Ол көшеде келе жатып, жолды тек рұқсат етілген жерден ғана кесіп өтеді екен. “Қауіпсіз дөңгелек” сынды шараларға ересектерді де қатыстырса, жол-көлік апаттары айтарлықтай азаяр еді, дейді Екатерина.
Жол сақшылары “Таза қала” акциясы аясында ретро көліктердің қатысуымен автошеру өткізді. Қалалық жол полициясы бөлімінің атынан автокөлік иелеріне Алғыс хаттар табысталды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp