«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙЕЛГЕ ӘЛІМІЗ ЖЕТЕДІ ДЕП…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

13-23 мамыр аралығында облыс аумағында “Әйел – отбасы мен мемлекет тірегі” атты акция өтті. Тәртіп сақшылары отбасында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Бүгінде облыста әлеуметтік жағдайы нашар деп танылған 837 отбасы бар. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, тізімге алынған бұл отбасыларда зорлық-зомбылық жиі орын алады. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары жанжал ұйымдастырғандардың үстінен 684 әкімшілік хаттама толтырған. Нәзік жандарды жұбайларымен қатар, ұлдары, күйеу балалары, тіпті, әкелері соққыға жығатын көрінеді. Мәселен, облыс орталығында тұратын бір келіншек полицияға арызданып, үнемі үйге мас болып келетін күйеу баласынан таяқ жейтінін айтқан. Тәртіп сақшыларының бұған дейінгі ескертулерін елемеген бұзақы осы жолы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Шара барысында әлеуметтік жағдайы нашар 700-ден астам отбасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрмыстық жанжал шығарғаны үшін 160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әйелдерге зорлық-зомбылыққа душар бола қалған жағдайда қайда және қалай хабарласу керектігі туралы жазылған парақшалар таратылды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp