КҮЗДЕ ЖЫЛУ ТАРИФІ ӨСЕДІ
Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті баспасөз мәслихатын өткізіп, 2013 жылдың 1 қазанынан қолданысқа енгізілгелі отырған жылу қуатымен жабдықтау тарифіне түсінік берді. Департамент директоры Марат Мұстафин монополия субъектісінің жылу қуатын өндіру қызметіне тарифті өзгерту жөніндегі өтінімі бекітілген тәртіпте қарастырылғанын айтты. “СевКазЭнерго” АҚ-ның жылу қуатын өндіру жөніндегі қызметіне қолданыстағы 1378,3 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) …