«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БАЛА – ҮЙ ҚЫЗМЕТШІСІ ЕМЕС” ұранымен “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес” ақпараттық науқаны өткізіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Облыстық Балалар құқығын қорғау жөніндегі департаменті 1-12 маусым аралығында “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес” Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілетіндігін хабарлайды. Іс-шараның мақсаты – қоғамның, бала еңбегі мәселесі, оның ауқымы мен зардаптары жайында және осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнамалардың негіздері туралы хабардарлығын арттыру.
Биыл 8-ші Ұлттық ақпараттық науқан “Бала – үй қызметшісі емес” ұранымен өткізілетін болады.
1 маусым күні облыс орталығының Қазақстан Конституциясы көшесінде (орталық саябаққа кіреберіс) “Ересектер әлеміндегі балалар құқықтары” ақпараттық-диалогтық алаңша өткізу жоспарланып отыр. Заңгерлер, психологтер, мүдделі органдар мамандары еңбек қатынастары саласында (жеке, еңбек құқықтарын, еңбек шарттарын, еңбек қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін іске асыру) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөнінде консультациялар өткізеді.
Сонымен қатар, егер де Сізге балаларға қатыгездік жасап, қанау фактілері белгілі болса, облыстық Балалар құқығын қорғау жөніндегі департаментінің 8 (7152) 36-94-77 “сенім телефонына” немесе Петропавл қаласы, Абай көшесі, 29, 306-каб. мекенжайы бойынша хабарлауды сұраймыз.
Облыстық Балалар құқығын
қорғау жөніндегі департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp