«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФОРСАЖ” бизнес-жобаларды жинап жүр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

27 мамыр күні Астана қаласынан шыққан “Инновациялық форсаж” автокөлігі кеше Петропавл қаласына келіп тоқтады. Бұл сапардың мақсаты республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы туралы жұртшылыққа кеңейтілген ақпарат беру, ықтимал үміткерлерді соған қатыстыру болып табылады.

Еліміздің “Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі” АҚ-ның ұйымдастыруымен 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан аталмыш байқау жылдан-жылға жандана түсуде. Инноваторлар сайысы 2010 жылдан бастап тележоба түрінде қайта өңделсе, 2012 жылдан бастап ұйымдастырушылар арнайы автокөлікпен барлық өңірлерді аралап, жұмыстарын одан әрі тиімді ете түскен. Биыл да мемлекеттік грант алуға талаптанған жүздеген жоба сарапшылардың назарына ұсынылмақ.

 

Автокөлік Қостанай облысынан кейін сапарларын біздің өңірге жалғастырған. Астаналықтар солтүстікқазақстандық өнертапқыштармен жолығып, олармен байқаудың бүгешігесін пысықтаған семинар-кеңес өткізді. Байқауға қатысып, бақ сынауға ниеттері бар үміткерлердің іс-шараны ұйымдастырушыларға қояр сауалдары да көп болды.

Кеңес барысында Агенттіктің басқарушы директоры Серік Маратов байқауға қатысудың негізгі шарттары мен іріктеу өлшемдері және кезеңдері туралы толық ақпарат берді.

– Биыл өтінім беру тетігі оңайлатылған. Кез келген тілек білдіруші байқаудың “www.nif50k.kz” сайтында онлайн өтінім бере алады. Сайтта сұрақ қойып, кеңес алуға да болады. Сондай-ақ өзіне сенімді инноваторлар бүгінгі кеңесімізден кейін де өз өтінімдерін бізге табыстай алады, – деді ол.

Байқауға кәмелет жасына толған қазақстандықтар қатысуға құқылы. Сондай-ақ тақырыпқа шектеу қойылмайды. Халықтың инновациялық белсенділігін арттыру және инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау мақсатын көздеген жоба бойынша “Инновациялық форсаж” автокөлігі 21 маусымға дейін барлық өңірлерді аралап шығуы тиіс. Содан кейін барлық жобалар тәуелсіз сарапшылардың қолына тапсырылып, олар 15 жобаны іріктеп алады да, күзде ол жұмыстардың авторлары “Инновациялық форсаж” теле-шоуына қатыстырылады. Одан әрі ұйымдастырушылардың барлық күш-жігері сол жобаларды іске асыруға жұмсалады. Былтырғы телебағдарламаны 250 мың адам тамашалаған. Теле-шоудан кейін байқаудың жеңімпаздары анықталып, ең үздік жобаға 7,5 миллион теңге грант беріледі. Ал 2-ші мен 3-ші орындарға – 2,5 және 1 миллион теңгеден.

Сондай-ақ астаналық қонақтар семинарға жиналған жұртшылыққа мемлекет тарапынан басқа да қандай көмек көрсетілетінін айтып, оның жолдарын түсіндірді. Соның ішінде мемлекеттік грантқа қол жеткізу үшін қандай талаптар қойылатынын, оған өтініш беру ережелері мен тәртібі туралы ақпарат берді. Жиын барысында жұртшылық өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, жауап алды.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp